«Қызмет» кәсіподағы мерейтоймен құттықтайды!

«Қызмет» кәсіподағы мерейтоймен құттықтайды!

20.07.2022 Off By Администрация сайта

«ҚЫЗМЕТ» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің Салалық кәсіптік одағының төрағасы Мирболат Жақыповтың тапсырмасы бойынша кәсіподақтың Қарағанды облыстық филиалы салтанатты түрде ЕЛЕНА ЧЕРНОГОРОВАНЫ – Қарағанды облысының статистика қызметкерлері жергілікті кәсіподағының төрағасы, «Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің ұлттық статистика бюросы Қарағанды облысы бойынша департаментінің» РММ баға статистикасы басқармасының басшысын мерейтойымен құттықтап, адал еңбегі үшін алғыс білдірді
Елена Олеговна көптеген жылдар бойы жоғары кәсіби мемлекеттік қызметші және кәсіподақ көшбасшысы болып табылады, кәсіподақ ұйымында 115-тен астам қызметкерді біріктіре отырып, статистика саласы қызметкерлерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау бойынша үлкен қоғамдық жұмыс жүргізеді, жас мамандар үшін тәлімгер болып табылады.
Кәсіподақ жұмысы қызметкерлердің әлеуметтік-еңбек қатынастарын дамытудағы бастамаларын қолдайтын Қарағанды облысы бойынша аумақтық департамент басшысы Жанат Садықовамен орнатылған әлеуметтік серіктестікте ұжымдық шартты орындай отырып жүргізіледі.
Мерейтой иесіне құрмет көрсету жылы шырайлы жағдайда өтті, оған Қарағанды облысының басшылығы мен әріптестері, кәсіподақ өкілдері – Татьяна Шатохина мен Татьяна Пурясева қатысты.

МЕРЕЙТОЙЫҢЫЗБЕН, ҚҰРМЕТТІ ЕЛЕНА ОЛЕГОВНА! ШЫН ЖҮРЕКТЕН ЗОР ДЕНСАУЛЫҚ, АМАНДЫҚ, БАҚЫТ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ МАҢЫЗЫ БАР ЕҢБЕГІҢІЗГЕ ТАБЫС ТІЛЕЙМІЗ!