Мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекелерімен құттықтады

Мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекелерімен құттықтады

24.06.2022 Off By Администрация сайта

Бүгінгі күнде Шымкент қаласы бойынша «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының құрамындағы 47 бастауыш кәсіподақ ұйымында 2,5 мыңнан астам адам мүшелік етуде. Бұл көрсеткіш жылдан жылға өсуде. Ол дегеніміз кәсіподаққа деген сенімнің артуы.
«Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалы тарапынан едәуір жұмыстар атқарылып, 2021-2022 жылдары жалпы 34 мемлекеттік мекемеде бастауыш кәсіподақ ұйымдарын ашып, оған жалпы 1700-ге жуық адам кәсіподақ мүшелігіне тартылған болатын, оның ішінде биылғы жылдың 6-айында 9 мекемеден кәсіподақ ұйымы ашылып, оған 839 адам кәсіподақ мүшелігіне тартылған.
Мерекелік марапаттау рәсімі Шымкент қаласының әкімдігінен бастау алып, аудан әкімдіктерінде, департаменттер мен басқармаларда жалғасып, Шымкент қаласының кәсіподақтар орталығында өз мәресіне жетті.
Нәтижесі бойынша, «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің «Алғыс хаты» 2 адамға, филиалдың «Еңбек озаты» төс белгісі 16 адамға, филиалдың «Құрмет грамотасы» 9 адамға және филиалдың «Алғыс хаты» 8 адамға табысталды.