Мемлекеттік қызметшілерге құрмет көрсетілді

Мемлекеттік қызметшілерге құрмет көрсетілді

24.06.2022 Off By Администрация сайта

«23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күніне» орай, «Шымкент қаласының кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің мәжіліс залында «Қызмет» салалық кәсіподағының Шымкент қалалық филиалы мемлекеттік қызметшілердің кезекті марапаттауын өткізді.
Жиында филиал төрағасы Әуесханов Серік Елемесұлы мемлекеттік қызметтің тарихына кеңінен тоқталып, жалпы алғанда осы мемлекеттік қызметке қойылатын талаптардың жетілдірілуімен қатар, қызметкерлердің де деңгейі өсіп отырғанын, 23 маусым – Біріккен Ұлттар Ұйымының 2002 жылғы резолюциясымен «Мемлекеттік қызмет күні» деп жарияланғанын айтып, атаулы мерекемен құттықтап, белсенді кәсіподақ мүшелеріне марапаттар тапсырды.
Атап айтқанда: филиалдың «Еңбек озаты» төс белгісімен Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің берешектермен жұмыс басқармасының бас маманы Ықыласова Гүлнар Кәрімбайқызы, Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Шымкент қаласы бойынша департаментінің статистикалық ақпаратты пайдаланушылармен жұмыс бөлімінің бас маманы Жақаев Естай Әбдірасілұлы, Еңбекші ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының құқықтық және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің басшысы Асқарбек Нұрсұлтан Талғатұлы және филиалдың «Алғыс хатымен» Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының бас маманы Қожахметова Мейрікүл Тасқынбайқызы марапатталды.
Оның ішінде «2022 жылдың үздік мемлекеттік қызметшісі» республикалық байқауына Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Шымкент қаласы бойынша департаментінің статистикалық ақпаратты пайдаланушылармен жұмыс бөлімінің бас маманы Жақаев Естай Әбдірасілұлы қатысқанын ерекше атап өтті.