Үздік қызметкерлерді атап өтті

Үздік қызметкерлерді атап өтті

24.06.2022 Off By Администрация сайта

Мемлекеттік қызметшілер күніне орай марапаттау жалғасын табуда. 2022 жылдың 23 маусымы күні «Қызмет» Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлері салалық кәсіподағының төрағасы С.Сүлеймен ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің БҚО бойынша департаментінің және облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының мемлекеттік қызметшілерімен кездесті.
Кездесу барысында кәсіподақ төрағасы мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекелерімен құттықтап, «Қызмет» Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық Кәсіподағының Құрмет грамоталарымен кәсіподақ белсенділерін марапаттады.