Батыс Қазақстан облысында мемлекеттік қызметшілер күні аталып өтті

Батыс Қазақстан облысында мемлекеттік қызметшілер күні аталып өтті

24.06.2022 Off By Администрация сайта

2022 жылдың 23 маусымы күні «Қызмет» Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлері салалық кәсіподағының төрағасы С.Сүлеймен облыс әкімі аппаратының басшылығының ұйымдастыруымен 23 маусым – ҚР Мемлекеттік қызметшілер күніне орай өткен шараға қатысты.
Шараға облыс әкімі Г.Искалиев, ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің БҚО бойынша департаменті басшысы М.Байсалов, мемлекеттік қызмет ардагерлері, БАҚ өкілдері, мемлекеттік қызметшілер қатысты.
Шара барысында кәсіподақ төрағасы мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекелерімен құттықтап, жауапты қызметтеріне сәттілік, жақсы жетістіктер тілеп, Мемлекеттік қызметшілер арасындағы облыстық спартакиаданың жеңімпазы Ақжайық аудандық командасына, «Жылдың үздік мемлекеттік қызметшісі» Республикалық конкурсының өңірлік кезеңінің жеңімпаздары: Теректі ауданы Ақсуат ауылдық округінің әкімі Ж.Ахметовке және Жаңақала ауданы Бірлік ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы А.Жақсыбаевқа марапаттар табыстады.