«Қызмет» Кәсіподағы Төрағасының Елбасының Туған күнімен құттықтауы

«Қызмет» Кәсіподағы Төрағасының Елбасының Туған күнімен құттықтауы

06.07.2020 Off By Администрация сайта

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. НАЗАРБАЕВҚА

Аса қадірлі Нұрсұлтан Әбішұлы!

Сіздің 80 жасқа мерейтойыңызға орай 90 мыңдай мемлекеттік және азаматтық қызметшілер кәсіподағының атынан шын жүректен құттықтауымызды қабыл алыңыз!

Бұл шын мәнісінде бүкіл Қазақстан халқының ұлық мерекесі! Барша елдердің басшылары да Сізге өз құттықтауларын жолдауда. Бұның өзі Сіздің әлемдегі жоғары беделіңізді көрсетеді!

        Сіз тарихи өлшеммен аз уақытта әртараптандырылған мықты экономикасы, көпұлтты келісімге негізделген азаматтық қоғамы, ғажап жаңа астанасы, бекітілген шекарасы, халықаралық дәрежеде биік саяси беделі бар Тәуелсіз Қазақстан елін құрып, халқымыздың Елбасы атандыңыз!

        Өзім үшін де егемендік жариялаған кезден, Сіздің – Тұңғыш Президентіміздің Әкімшілігінде бірінші күндерден, 1990 жылдың мамырынан 2018 жылдың ақпанына дейін қызмет жасағанымды өмірде бір рет сыйланатын зор бақыт деп білемін! Сізге кезінде баяндалғандай: Сіздің 1998 жылы жаңа астанамызға көшіп келгенде берген тапсырмаңыз – еліміздің электрондық құжат айналымы жүйесін енгізіп, дүние жүзінде алдыңғы орын алатындай, озық түрде орындадық!

        Аса құрметті Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы, Сізге алдағы уақытта да денсаулығыңыз зор болып, елімізге басшылық жасап, Өзіңіз армандаған Қазақ Елін отыз дамыған елдердің қатарына қосуыңызды, Мәңгілік Ел болуымызды тілейміз!

Ізгі ниетпен,

«Қызмет» Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің Төрағасы                                                               

Мирболат Жақыпов