«Қызмет» салалық кәсіподағы: 5-жылдық қорытынды мен жоспарлар

«Қызмет» салалық кәсіподағы: 5-жылдық қорытынды мен жоспарлар

27.05.2020 Off By Администрация сайта

Қазіргі уақытта біздің еліміз короновирустық инфекция індетімен күресудің күрделі кезеңін өтіп жатыр. Бір жарым айлық төтенше жағдай аяқталса да, карантиндегі көптеген шектеулер қалды.

Пандемияның салдары жаңа сын-қатерлерге, әсіресе экономикадағы, еңбек нарығы мен әлеуметтік саладағы қауіп-қатерлерге әкеп соқты.

Бұл жағдайда Мемлекеттік, банк мекемелері мен қоғамдық қызмет көрсету Салалық кәсіподақтарының басты міндеттері – әлеуметтік әріптестіктің тиімділігі, қызметкерлердің әлеуметтік-еңбек құқықтарын қамтамасыз ету және еңбек пен денсаулық үшін қолайлы жағдай жасау мәселелері болды. ТЖ және карантин кезеңінде Салалық кәсіподақтың барлық мүшелік ұйымдары кәсіподақтың әрбір мүшесіне қамқорлық көрсете отырып, ұжымдардағы әлеуметтік шиеленісті азайту бойынша күш-жігерді біріктіре отырып, өздерінің бірлігін көрсетті.

Эпидемия кезеңі тіпті толық өзін-өзі оқшаулау, өнеркәсіптің тоқтатылуы, елде және әлемде елеулі шектеу шаралары кезінде де халықаралық, мемлекеттік және жергілікті басқару органдарының, сондай-ақ бизнестің қызметі қашықтықтан, онлайн-режимде ұйымдастырылғанын көрсетті. Әлемдік тәжірибе ірі халықаралық және республикалық іс-шаралар мен форумдарды, тіпті мемлекет басшылары деңгейінде, қашықтықтан онлайн-режимде өткізу мүмкіндігін көрсетті.

Сондай-ақ, біз онлайн-кеңес пен есеп беру-сайлау конференциясын өткізудегі оң тәжірибеміз бар, ол Жарғының барлық талаптарын сақтай отырып, Жамбыл облыстық филиалында өтті. Сауалнамалық әдіспен ҚР КФ Бас кеңесінің отырысы өткізілді, онда оның төрағасы сайланды.

Салалық кәсіподақтың кезекті ХІ Съезі осындай форматта алғаш рет өтті. Пандемияға, елдегі төтенше жағдайлар мен карантинді енгізуге байланысты Съезд делегаттары мүшелік ұйымдардың бастамасын және Орталық комитеттің 2020 жылғы 27 мамырдағы Съезді қашықтықтан өткізу туралы шешімін БІРАУЫЗДАН қолдады.

Съезд өткізу алдында кәсіподақ мүшелерінің белсенділігі жоғары болды, өңірлердегі есептік-сайлау науқаны іскерлік жағдайда өтті. Барлық облыстық, қалалық филиалдардың, кәсіподақ және аудандық ұйымдардың, жергілікті, аумақтық және өңірлік кәсіподақтардың жұмысы қанағаттанарлық деп танылды.

Съезд қарсаңында делегаттардың атына электронды пошта арқылы Съездің барлық материалдары, Кәсіподақ Төрағасының және бақылау-тексеру комиссиясы төрағасының есептері, аймақтан жазылған делегаттардың сөйлеген сөздері, қабылданатын нормативтік құжаттардың жобалары, Съездің басшылық және жұмыс органдары, Кәсіподақ туралы бейнефильмі мен анықтамалық материалдар жіберілді. Делегаттардың дауыс беруі делегаттың мәліметтері, қаралатын мәселе және оның жеке қолы көрсетілген сауалнама парақтары бойынша өтті. Күн тәртібіндегі талқыланатын мәселелерге келіп түскен барлық материалдар мен толықтыруларды Съездің тиісті комиссиялары қарап, жобаларға енгізілді. Сауалнама парақтары қол қойылғаннан кейін сканерленді, содан кейін дауыс санау үшін есеп комиссиясына жіберілді. Жұмыс органдары отырыстарының хаттамаларына оның әрбір мүшесі қол қойды және комиссия төрағаларына ұсынылды.

Съезд жұмысына салалық кәсіподақтың көптеген мүшелік ұйымдарынан делегаттар қатысты. 70 делегат сайланды, оның ішінде 68 –  қатысты, өз еркімен жұмыстан босатылуына байланысты 2 қатысқан жоқ. Делегаттар өкілдік нормаларына, салалық кәсіподақ Жарғысының талаптарына қатаң сәйкестікте сайланған және Съезде жұмыс істеу үшін қажетті өкілеттіліктері бар екені дәлелденген.

ХІ съезд делегаттарының құрамы: ұлттық – 62 қазақ, 7 орыс, 1 украин болды, әйелдер – 33 (47%), ерлер – 37 (53%), жасы бойынша: 35 жастан кіші-4 делегат (5,7%), 35 – 52 жастағылар (74%), 60 жастан асқандар – 14 (20%). Делегаттардың жалпы санынан штаттық емес кәсіподақ белсенділері –                39 (59%).

Съезге Мемлекеттік мекемелердің түрлі деңгейдегі кәсіподақ мүшелері – бұл орталық мемлекеттік органдардың: ҚР Президенті Әкімшілігінің, Қаржы, Ұлттық экономика, Индустрия және инфрақұрылымдық даму, Мәдениет және спорт, Сандық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Әділет министрліктерінің, мемлекеттік басқарудың аймақтық органдарының, мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық қызмет көрсету мекемелерінің өкілдері жіберілді.

Делегаттар 2015-2020 жылдарға арналған Салалық кәсіподақтың бес жылдық есебіне қатысты Күн тәртібінің 11 мәселесін қарады. 2015 жылы санының азаюына қарамастан, 2018-2019 жылдары алғаш рет көптеген министрліктерде, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының және Алматы қаласының әкімдіктерінде және оның 8 аудан әкімдіктерінде бастауыш кәсіподақ ұйымдары құрылды. Салалық кәсіподақтың құрамына «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік қорпорациясы АҚ мемлекеттік қызмет көрсету саласы қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы қабылданды.

Аймақтарда кәсібиактивтердің қолдауымен Жамбыл, Атырау, Батыс Қазақстан облыстық филиалдары басшылығының жаңартылуын, Маңғыстау, Қарағанды және Шығыс Қазақстан, Алматы және Шымкент қалаларының жаңадан құрылған облыстық филиалдары басшыларының сайлануын қамтамасыз етті. Олардың басшылығында жас, бірақ басшылық тәжірибесі бар және мемлекеттік қызметкерлер арасында беделді қоғамдық белсенді әріптестер сайланды. Жалпы, 2 жыл ішінде кәсіподақ қатарының саны 17 мың жаңа мүшелерге және 117 жаңа бастауш кәсіподақ ұйымдарға өсті.

Салалық кәсіподақтың күш-жігерінің және ҚРКФ мен Үкіметтің қолдауының арқасында мемлекеттік және азаматтық қызметшілердің әлеуметтік қорғау мәселелерінде оң нәтижелерге қол жеткізді.

Салалық кәсіподақтың Жарғысына бастапқы кәсіптік ұйымдардың рөлін арттыруға және қолдауға, өңірлік бірлестіктердегі жекелеген құрылымдарды оңтайландыруға, партиялық-кеңестік кезеңнің ескірген ережелері мен атауларын қазіргі заманғы үрдістерге сәйкес келтіруге бағытталған өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Жарғының жекелеген нормалары қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтірілген. Кәсіподақтың атауына «Қызмет» сөзін қосты. Алдағы 5 жылға кәсіподақтың іс-қимыл бағдарламасы мен даму жоспары белгіленген.

Делегаттардың бірауыздан шешімімен: Салалық кәсіподақтың Төрағасы болып Жақыпов Мирболат Хабиұлы; бақылау-тексеру комиссиясының төрайымы болып Капарова О. М., Ақмола облфилиалының делегаты; Орталық Кеңес пен Бақылау-тексеру комиссиясының мүшелері; ҚР КФ XXVI Съезіне делегаттар сайланды; бұл ретте Даулеталин Сатыбалды Телағысұлының ҚР кәсіподақтар Федерациясының Төрағасы лауазымына кандидатурасы ұсынылды.

Кезекті ХІ Съездің күн тәртібіндегі мәселелер сындарлы қаралды, Съездің барлық шешімдерін делегаттар БІРАУЫЗДАН қолдады. Олар негізгі міндеттерді табысты орындауға ықпал етеді: бұл – кәсіподақ мүшелерінің заңды құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз ету, салалық кәсіподақтың рөлін күшейту және санының өсуі, кәсіподақ ұйымдарының бірлігін нығайту мен мүдделерін сақтау.

Съезд соңында Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің «Қызмет» Салалық кәсіподағы ХІ Съезінің делегаттары Ел басшылығының әлеуметтік жаңғыртуға, мемлекеттік қызметтің беделін арттыруға, оның тиімділігіне, азаматтық қызметшілер мен әлеуметтік қызметкерлердің мәртебесін регламенттеуге, олардың материалдық жағдайын түбегейлі жақсартуға бағытталған саясатын қолдай отырып, қызметкерлерге, кәсіподақтарға, әлеуметтік серіктестерге біздің ортақ үйіміз – Қазақстан Республикасының гүлденуі үшін елді жаңғыртудың жаңа кезеңіне белсенді түрде қатысуға шақырып, Үндеу жариялады.