Сырым ауданының бастауыш кәсіподақ ұйымдарының мүшелерімен кездесу

Сырым ауданының бастауыш кәсіподақ ұйымдарының мүшелерімен кездесу

19.09.2019 Off By Администрация сайта

Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлері салалық кәсіподағы 2019 жылы 19 қыркүйек күні Қазақстан Кәсіподақтары күні мейрамы қарсаңында Сырым ауданына іс-сапарға шығып, аудандық кәсіподақ ұйымының кәсіподақ мүшелерімен кездесті. Жиынға аудан әкімінің орынбасары Е.Ахметов, аудандық мекеме, дербес бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағалары мен мүшелері қатысты.

Жиында «Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлері салалық кәсіподағының» Батыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы С.Сүлеймен Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауына кеңінен таныстырып, басымдық берілген негізгі бағыттарына тоқталды.

Сонымен қатар облыстық кәсіподақ ұйымының төрағасы қазіргі уақыттағы кәсіподақтың маңыздылығымен, кәсіподақтарды жаңғырту Жол картасының негізгі бағыттарымен, алдағы жоспарларымен бөлісіп, кәсіподақ мүшелерінің сұрақтарына жауап берді.

Жиын барысында Сырым аудандық мемлекеттік мекемелер салалық кәсіподақ ұйымының төрағасы М.Шалабаев кәсіподақ комитетінің жұмысы туралы баяндады.

Жиналыс соңында облыс кәсіподақ ұйымының төрағасы С.Сүлеймен кәсіподақ мүшелерін келе жатқан Қазақстан Кәсіподақтары күні мейрамымен құттықтап, бастауыш кәсіподақ ұйымының кәсіподақ белсенділеріне Құрмет грамоталарын табыстап, еңбектеріне табыс, жақсы жетістіктер тіледі.