Орал қалалық арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының бастауыш кәсіподақ ұйымының қызметкерлерімен кездесу

Орал қалалық арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының бастауыш кәсіподақ ұйымының қызметкерлерімен кездесу

16.09.2019 Off By Администрация сайта

2019 жылы 16 қыркүйек күні Қазақстан Кәсіподақтары күні мейрамы қарсаңында Батыс Қазақстан облыстық Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы Орал арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы бастауыш кәсіподақ ұйымының кәсіподақ мүшелерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында «Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлері салалық кәсіподағының» Батыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы С.Сүлеймен Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауына кеңінен тоқталып өтті.

Бүгінде ҚРКФ кәсіподақтар қызметі «ҚР Кәсіподақтар федерациясының жаңғырту жол картасын» жүзеге асыруға негізделген. Бұл ұжымдық шарттар санын арттыру, еңбек дауларын шешу, еңбек қатынастарын заңдастыру, жұмыс орындарын сақтау, қауіпсіз еңбек шарттарын құру сынды өзекті мәселелерді шешу міндеті негізге алынғанын, Кәсіподақтар федерациясының белсенді қатысуымен 2019-2023 жылдарға арналған ҚР өндірістік жарақаттану мен еңбек жағдайлары зиянды жұмыс орындарын азайту жөніндегі жол картасы бекітілгені түсіндірілді.

Сонымен қатар жиын барысында облыстық еңбек инспекциясының бас маманы Г.Изимбергенова кәсіподақ мүшелеріне «Нөлдік жарақатанушылық» тұжырымдамасын алға бастыру бойынша өзара түсінушілік және әріптестік туралы меморандумға қол қойылғанын айта отырып, өндірістік жарақаттану, кәсіптік аурулардың, өндірістегі қауіпті жағдайлардың, өндірістегі жазатайым оқиғалардың алдын алу шараларын түсіндіріп, облыс аумағында болып жатқан жазатайым оқиғалардан нақты мысалдар келтірді.

Жиналыс соңында облыс кәсіподақ ұйымының төрағасы С.Сүлеймен кәсіподақ мүшелерін келе жатқан Қазақстан Кәсіподақтары күні мейрамымен құттықтап, бастауыш кәсіподақ ұйымының кәсіподақ белсенділеріне Құрмет грамотасымен сыйлықтар табыстап, еңбектеріне табыс, жақсы жетістіктер тіледі.