Жаңа Жыл құтты болсын!

Жаңа Жыл құтты болсын!

29.12.2018 Off By admin

Құрметті әріптестер!

«Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» ҚБ Орталық Комитетінің атынан және жеке өз атымнан Сіздерді келе жатқан Жаңа 2019 жылмен шын жүректен құттықтаймын!

Өткен 2018 жылда біз Сіздермен Кәсіподағымызды қазіргі заман талаптарына бейімдеу, кәсіподақ мүшелерінің санын арттыру, басшы кадрларды жасарту бойынша белсенді жұмыс істей бастадық. Кәсіподақтың Орталық комитетін Алматыдан Астана қаласына көшірдік және жаңа жинақы аппарат құрдық.

Алғаш рет барлық орталық мемлекеттік органдарда – министрліктер мен ведомстволарда, Маңғыстау, Қарағанды облыстарының және Астана, Алматы қалаларының әкімдіктерінде және олардың аудан әкімдіктерінде кәсіподақ ұйымдары құрылды. Қарағанды, Маңғыстау және Шығыс Қазақстан облыстарында Кәсіподақтың облыстық филиалдары құрылды. Біздің кәсіподақ құрамына «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының кәсіподағы қабылданды. Өңірлерде белсенді ұйымдастыру жұмыстары жүргізілді, жаңа кәсіподақ бастауыш ұйымдары құрылды. Қысқа мерзім ішінде біздің кәсіподақ мүшелерінің саны 15 мың адамға өсті. Бұл адамдардың бізге деген үлкен сенімі!

Біздің кәсіподақ алғаш рет ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігімен 2018-2020 жылдарға арналған Салалық келісімге және Әдеп жөніндегі уәкілдермен меморандумдарға қол қойды.

Жаңа 2019 жылда біздің кәсіподақ мүшелерінің өмір сүру және еңбек сапасын арттыру бойынша жаңа міндеттер тұр.

Құрметті достар! Басшылар мен кәсіподақ ұйымдарының белсенділері, Сіздердің белсенді өмірлік позицияңыз үшін, Сіздердің қажырлы еңбегіңіз үшін ерекше алғысымды білдіргім келеді!

Баршаңызға ізгі мақсаттарға жету, креативті идеялары келуін, жаңа жылдық көңіл-күй, махаббат пен қуаныш, мықты денсаулық, отбасыларыңа амандық, жақын адамдардың қамқорлығы мен түсіністігіне ие болуларыңызды тілеймін. Жаңа жылда Сіздерге бақыт тілейміз! Біздің Отанымызға бейбітшілік пен жақсылық тілейміз! Жаңа табыстарға, жарқын жеңістер мен жетістіктерге жетейік!

Ізгі ниетпен,

Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағының
Төрағасы   
Мирболат Жақыпов