«Мамандығым – мақтанышым» байқауының жеңімпаздары марапатталды

«Мамандығым – мақтанышым» байқауының жеңімпаздары марапатталды

10.05.2023 Off By Администрация сайта

Кәсіподақтар үйінде онлайн форматта өткен «Мамандығым – мақтанышым» байқауының қорытындысы бойынша  марапаттау рәсімі өтті. Байқау 28 сәуір – Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне және  «Қызмет» салалық кәсіподағы» ҚБ Қызылорда облыстық филиалының құрылғанына 75 жыл толуына орай ұйымдастырылды.

Байқау мақсаты өз ісінің шебер мамандарын, еліміздің даму жолында адал еңбек етіп, табысты еңбек жолымен өнеге бола білген еңбек адамдарын құрметтеу, еңбегін насихаттау, мәртебесін арттыру болды.

Марапаттау рәсіміне қатысқан Қызылорда облыстық кәсіподақтар орталығының төрағасы Мақсұт Нәлібаев кәсіподақ қозғалысы, Кәсіподақтар Федерациясының  жариялауымен 2023 жыл – «Қауіпсіз еңбек» жылы туралы, сонымен қатар «Мамандығым – мақтанышым» байқауына қатысушылар өз саласының білікті мамандары, адал еңбек жолымен көпке үлгі екенін, барлығын да жеңімпаз деп танитынын жеткізді.

Облыстық кәсіподақтар орталығының төрағасы Н.Нәлібаев пен «Қызмет» салалық кәсіподағы» ҚБ Қызылорда облыстық филиалының төрайымы С.Тұрсынбаева байқау жеңімпаздарына, қатысушыларға дипломдар мен алғыс хаттар, қаржылай сыйлықтар табыстады.

Бас жүлдемен

Баймаханова Жұпар Хамитқызы, Жалағаш аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы

І дәрежелі дипломмен

Тоқсанбаева Әлия Бектасқызы, №1 Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының  аяжаны

ІІ дәрежелі дипломмен

Қарымсақова Гулсара Рашидовна,  Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшысы

ІІІ дәрежелі дипломмен

 Мақұлбекова Ақерке Табылдықызы, №1 Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында  психолог

ІІІ дәрежелі дипломмен

Тәжімбетова Арайлым Мұратқызы ,  Шиелі аудандық  жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөлімінің мүгедектер мен қартарға үйде әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесінде әлеуметтік  қызметкер

ІІІ дәрежелі дипломмен

Сағи Бекзат Маратбекұлы, Мүгедектерге арналған оңалту орталығы, еңбек нұсқаушысы

 «Білікті мемлекеттік қызметкер» номинациясымен

 Оразбаева Сауле Сартымбетовна, Майдакөл ауылдық округі әкімі аппаратының  бас маманы

«Мықты спорт жаттықтырушысы» номинациясымен

Сейтенов Абдулхасан Жанатұлы, «Наркескен» спорт клубының жатықтырушысы

«Мейірімді жүрек» номинациясымен

 Ілияс Бақтыгүл Сапарәліқызы, Шиелі аудандық  жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөлімінің Балаларға және 18 жастан асқан адамдарға үйде әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесінде әлеуметтік  қызметкер

 «Үлгілі жас маман» номинациясымен  

Нұрмаханов Ермек Мұхитұлы, ҚР СЖРА Ұлттық Статистика бюросының  Қызылорда облысы бойынша департаментінің бас маманы

«Жылылық сыйлаған маман» номинациясымен

 Аблекеева Аселия Серікқызы, №1 Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының әлеуметтік қызметкері

Алғыс хатпен 

Жолмұхамедова Алма Тұрсынқызы, Қызылорда қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының  бас маманы

Суюнбаева Айгерім Досмағанбетқызы, Інкәрдария ауылдық округі әкімі аппаратының әлеуметтік қызметкері

Жағыппаров Еркін Берікболұлы, Қызылорда облысы әкімі аппаратының «Жұмылдыру және шұғыл жұмыстар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Шұғыл ақпарат және мониторинг бөлімінде маман/ кезекші

Бәкібай Айдос Бахтиярұлы, Мүгедектерге арналған оңалту орталығында мейіргер марапатталды.