«Спорт – денсаулық кепілі»
07.05.20237 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай «Спорт – денсаулық кепілі» спорттық жарысы №1 Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен кәсіподақ мүшелері – ер жігіттер арасында өткізіледі. Жарыстың мақсаты кәсіподақ мүшелері арасында салауатты өмір салтын насихаттау, спортпен шұғылдануға ынталандыру, белсенді демалысты ұйымдастыру, спорттық шараларға қатысу белсенділігін арттыру болды.

Жарысқа қатысушылар «100 метрге жүгіру», «Гір көтеру», «Қол күрес» спорт түрлерінен жарысқа түсті. Қызықты әрі тартысты өткен жарыста «100 метрге жүгіруден» І орынды Т.Бахыт, ІІ орынды Р.Пайзуллаев, ІІІ орынды Ж.Итеміров, «Гір көтеруден» І орынды Ө.Пржанов, ІІ орынды С.Жүсіпбеков, ІІІ орынды Р.Алтыбаев, сондай-ақ « Қол күрестен» І орынды Д.Сүлейменов, ІІ орынды Е.Әбдіхамит, ІІІ орынды А.Есенов иеленді. Жеңімпаздарға «Қызмет» Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» ҚБ Қызылорда облыстық филиалының дипломдары және қаржылай сыйлықтар табысталды.


