12 мамыр Халықаралық медбикелер күні!

12 мамыр Халықаралық медбикелер күні!

12.05.2023 Off By Администрация сайта

Бұл күннің тарихына үңілсек, 12 мамырда алғаш рет соғыс алаңында мейірбике қызметін ұйымдастырған,Флоренц Найтингейл туған екен. Халықаралық медбикелер кеңесі осы күнді 1974 жылдан бастап, атап өтеді. Тәуелсіздік алғаннан кейін, Қазақстанның да күнтізбесінде, бұл күн -адамның денсаулығының жанашырлары, науқастарға алғашқы көмегін беретін медбикелердің кәсіби мерекесі болып белгіленген. Осы күнге орай, “Шаңырақ” әлеуметтік қызмет орталығында қызмет алушыларға мейірімін, жылуын аямай көмек беретін медбикелерді құттықтап, арнайы құттықтау концертін ұйымдастырып, “Қызмет” салалық кәсіподағы Алматы қаласы бойынша филиалы төрайымы Д.Айнақұлова қатысты.