Ножан-сюр-Марнда Мұстафа Шоқай рухына тағзым!

Ножан-сюр-Марнда Мұстафа Шоқай рухына тағзым!

24.05.2026 Off By Администрация сайта

        Францияның Ножан-сюр-Марн қаласында Еуропа елдерінен келген қазақтар құрылтайы аясында Алаштың ардақты перзенті, ұлт азаттығы жолында күрескен көрнекті қайраткер Мұстафа Шоқай рухына тағзым жасалды.

      Тағзым ету рәсімі барысында Қазақстанның Франциядағы Елшісі Гүлсара Арыстанқұлова, Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Ардақ Зебешев, «Отандастар қоры» КеАҚ вице-президенті Алибек Жұрқадам, Түркияның Әділет және даму партиясының төрағасының орынбасары Рашида Юксель, Қазақ-француз-түрік қауымдастығының төрағасы Режеп Гюнай және ҚР «ҚЫЗМЕТ» салалық кәсіподағы орталық комитетінің төрағасы Мирболат Хабиұлы Жақыпов ұлт көшбасшысының ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, оның ел тәуелсіздігі мен азаттығы жолындағы ерен еңбегін еске алды.

      Мұстафа Шоқай – туған халқының еркіндігі үшін ғұмырын арнаған, елдік идеяны Еуропа төрінде де биік ұстаған тарихи тұлға.

      Бұл шара тек еске алу ғана емес, шетелдегі қазақтардың тарихи жадыны жаңғыртып, ұлттық құндылықтарды ұлықтауға деген ортақ ұмтылысының көрінісі. Еуропадағы қазақ қауымы үшін бұл тағзым – бірлікке, рухани сабақтастыққа және Алаш мұратына адалдықтың белгісі.

     Ұлт тағдыры үшін күрескен тұлғаларды ұлықтау – өткенге құрмет, келер ұрпаққа аманат. Мұстафа Шоқайдың азаттық идеясы мен елдік мұрасы қазақ руханиятында мәңгі жасай береді.