Париж маңында Еуропа қазақ жастарының дәстүрлі футбол чемпионаты өтті
24.05.2026Парижде өткен құрылтай аясында футболдан турнир өткізілді. Францияның Париж қаласына жақын орналасқан Гарж-ле-Гонесс (Garges-lès-Gonesse) қаласында Еуропадағы қазақ жастарының қатысуымен ірі футбол чемпионаты өтті.

Турнирдің басты мақсаты – шетелде жүрген қандастардың басын қосу, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, жастар арасындағы байланысты нығайту және салауатты өмір салтын насихаттау.
Турнир қорытындысы бойынша 1 орынды Нидерландық команда иеленді.

Еуропадағы қазақ диаспорасының жастары арасындағы футболдан дәстүрлі турнирлер мен отандастардың ауқымды басқосулары жыл сайын әртүрлі еуропалық қалаларда ұйымдастырылады.



