«Қызмет» кәсіподағы: қызметкерлер денсаулығына қамқорлық – сөзден нақты іске

«Қызмет» кәсіподағы: қызметкерлер денсаулығына қамқорлық – сөзден нақты іске

25.05.2026 Off By Администрация сайта

«Қызмет» салалық кәсіподағының Алматы қалалық филиалы салауатты өмір салтын насихаттау және кәсіподақ мүшелеріне қолайлы жағдай жасау бағытындағы жүйелі жұмыстарын жалғастыруда.
Осы орайда Алматы қаласының Еңбек мобильдігі орталығында кәсіподақ жарналары есебінен қызметкерлерге қаланың спорт нысандарына баруға арналған 30%-дан 50%-ға дейінгі жеңілдіктері бар арнайы сертификаттар сатып алынды. Аталған бастама қызметкерлерге тиімді шарттармен спортпен шұғылданып, денсаулықтарын нығайтуға мүмкіндік берді.

«Қызмет» кәсіподағы ұйымдастырған жаңа спорттық мүмкіндіктер таныстырылымы аясында Push30 бірыңғай корпоративтік абонементінің спорт сертификатының ұтыс ойыны өткізілді.
Бас жүлде иегері – PhD докторы, қауымдастырылған профессор, ҚР ҒЖБМ Ғылым комитетінің Философия, саясаттану және дінтану институты Дінтану орталығының жетекшісі Шағырбай Алмасбек Дүйсенбекұлы атанды.


Қазіргі таңда кәсіподақ белсенділері Алматы қаласындағы бастауыш кәсіподақ ұйымдарында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жалғастырып, кәсіподақ мүшелерін Push30 бірыңғай корпоративтік абонементінің жаңа мүмкіндіктерімен таныстыруда.
Басты мақсат – қызметкерлер үшін спортты қолжетімді етіп, салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыру.