Соңғы қоңырау — еңбек пен білімнің, жарқын болашақтың мерекесі

Соңғы қоңырау — еңбек пен білімнің, жарқын болашақтың мерекесі

25.05.2026 Off By Администрация сайта

Бүгін еліміздің барлық мектептерінде соңғы қоңырау соғылып, түлектер үшін ерекше әрі толғанысқа толы мереке өтті.
Осы айтулы күні «Қызмет» салалық кәсіподақтың Алматы қалалық филиалының төрайымы Данагүл Айнақұлова Алматы қаласы Наурызбай ауданындағы №206 мектеп-гимназиясында болып,салалық кәсіподақтың қоғамда оң имиджін қалыптастыру бағытында, салтанатты шараға қатысты.


Кездесу барысында ол түлектерді өмірлеріндегі маңызды белеспен құттықтап, ұстаздарға адал еңбегі, жоғары кәсібилігі және өскелең ұрпақты тәрбиелеуге қосқан зор үлесі үшін алғысын білдірді.
Ұстаз — ел болашағын тәрбиелейтін, қоғамның дамуына үлес қосатын еңбек адамы. Кәсіподақ әрдайым білім саласы қызметкерлерінің құқықтары мен мүдделерін қорғауды жалғастыра береді, — деді Данагүл Айнақұлова.

«Қызмет» кәсіподағы еңбек адамын қолдау және білім саласы қызметкерлеріне лайықты жағдай жасау бағытындағы жұмыстарын тұрақты түрде жалғастырып келеді.
Соңғы қоңырау — мектеппен қоштасу ғана емес, жаңа өмірге бастар қадам. Түлектерге жарқын болашақ, сәттілік пен үлкен жетістіктер тілейміз!