Әлеуметтік орталықтың кәсіподақ мүшелерімен кездесу өтті

Әлеуметтік орталықтың кәсіподақ мүшелерімен кездесу өтті

12.05.2026 Off By Администрация сайта

Жоспарға сәйкес, «Қалың қалай, бастауыш ұйым» акциясы аясында «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының мүшелік ұйымы – Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «№6 балалар арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмысшыларымен, бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшелерімен кездесу өтті.

Жиын қорытындысында әлеуметтік орталықтың басшысы Серік Бабакулов және «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Әуесханов мекеме қызметкерлерін «7 мамыр –  Отан қорғаушылар күні» мерекесімен құттықтап, белсенді кәсіподақ мүшелеріне және зейнеткерлік жасқа келіп, құрметті демалысқа шығып жатқан азаматтарға филиалдың «Еңбек озаты» төсбелгілерін, «Құрмет грамоталарын», «Алғыс хаттарын» және бастауыш кәсіподақ ұйымының атынан қаржылай сыйлықтарын табыстады.