Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлерімен кездесті
12.05.2026«Қалың қалай, бастауыш ұйым» акциясы аясында «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының мүшелік ұйымы – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Абай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлерімен, бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшелерімен кездесу өтті.


Жиын қорытындысында «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Елемесұлы Әуесханов мекеме қызметкерлерін «7 мамыр – Отан қорғаушылар күні» мерекесімен құттықтап, белсенді кәсіподақ мүшелеріне филиалдың «Еңбек озаты» төсбелгілерін, «Құрмет грамоталарын» және «Алғыс хаттарын» табыстады.



