«Еңбек заңнамасы және оны қолдану тәжірибесі» тақырыбында  оқу өткізілді

«Еңбек заңнамасы және оны қолдану тәжірибесі» тақырыбында оқу өткізілді

08.05.2026 Off By Администрация сайта

Қызылорда қаласында 5-6 мамыр күндері «Қызмет» Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» ҚБ Қызылорда облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Еңбек заңнамасы және оны қолдану тәжірибесі» тақырыбында  семинар оқу өткізілді.

Оқу қаланың сол жақ жағалауында орналасқан Жастар орталығында өтті. Оқуға бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары, келісу комиссиясының мүшелері, белсенді кәсіподақ мүшелері қатысты.  Айта кетсек, Арал ауданы, Қазалы ауданы, Жалағаш ауданы, Қызылорда қаласы бойынша қалалық, аудандық бөлімдердің, кент, ауылдық округі әкімі аппараттарының, т.б. коммуналдық мемлекеттік мекемелер қызметкерлері қамтылды.

Семинар басында Облыстық филиал төрағасы Сәуле Тұрсынбаева кіріспе көз сөйлеп, оқу процестерінің маңыздылығына тоқталып, атқарылған жұмыстар туралы айтып өтті. Семинарда дәрісті облыстық филиалдың төраға орынбасары әрі заңгері Кеңес Махамбетов жүргізіп, оқуға қатысушыларға еңбек заңнамасын қолдану тәжірибесі мен әлеуметтік қорғауды арттырудағы ұжымдық шарттың маңыздылығын, еңбек даулары және оларды шешу амалдарын,  Кәсіптік одақтар туралы заңын түсіндірді. Оқуға қатысушылар сұрақтарына жауаптар алып, пікір алмасты. Семинар соңында оқуға қатысушыларға сертификат табысталды.

Сонымен қатар кәсіподақ мүшелері қаланың сол жақ жағалауында жаңа ғимаратқа орналасқан Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінде  болып, Қызылорда өңірінің табиғат байлығы мен қазба қалдықтары, Ұлы Жібек жолының маржаны – Сығанақ қаласы, Байқоңыр ғарыш айлағы, Алаш-кеңес зиялылары, Қызылорда өңірінің шығармашылық мұрасы т.б. туралы экспозициялық залдармен танысты.

Сонымен қатар қала бойынша экскурсия ұйымдастырылып, жаңа стадион, Анаға тағзым орталығымен танысты.