«Қызмет» салалық кәсіподағы корпоративтік бірлікті нығайтады
08.05.2026Отан қорғаушылар күні қарсаңында «Қызмет» салалық кәсіподағының Алматы қалалық филиалына қарасты бастауыш кәсіподақ ұйымдарында мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылып, еңбек адамдарына құрмет көрсетілді.
Осындай шаралардың бірі Алматы қаласының Еңбек мобильділігі орталығында өтті. Шара барысында қалалық филиал төрайымы Данагүл Айнақұлова қызметкерлерге адал еңбегі, жоғары кәсібилігі және әлеуметтік саланың дамуына қосқан үлесі үшін алғыс хаттар табыстады.


Кездесу барысында қызметкерлердің күнделікті еңбегі мен өз ісіне деген жауапкершілігі ерекше аталып, кәсіподақ атынан мерекелік құттықтаулар мен ізгі тілектер жеткізілді.

Сонымен қатар Отан қорғаушылар күніне арналған мерекелік іс-шаралар өзге де бастауыш кәсіподақ ұйымдарында жалғасын тапты. Еңбек ұжымдарында салтанатты жиындар ұйымдастырылып, кәсіподақ мүшелеріне құрмет көрсетіліп, алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды.


«Қызмет» салалық кәсіподағы алдағы уақытта да еңбек адамдарының құқықтары мен мүдделерін қорғау, ұжымдық бірлікті нығайту және еңбекке құрмет мәдениетін дамыту бағытындағы жұмыстарын жалғастыра береді.

