Туған еліміздің бейбіт аспаны астында
04.05.2026Қостанай облыстық филиалы «Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету саласы қызметкерлерінің «Қызмет» салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің мүшелері Қазақстан халқының бірлігі күнін мерекелеуге белсенді қатысты.

Еліміздің бейбіт аспаны астында тату-тәтті өмір сүріп жатқаналықтардың әсем ұлттық киімдерін киген кәсіподақ белсенділері ән шырқап, би билеп, көңілді ойындар ұйымдастырып, мол дастархан жайып, мерекеге келген қонақтар мен қатысушыларды қарсы алды.

Қонақтардың назарына көпұлтты еліміздің халықтарына тән түрлі тұрмыстық бұйымдар қойылған көрме стендтері ұсынылды. Гүлдермен, ою-өрнектермен безендірілген сан алуан ұлттық киімдердің көркем көрінісі көздің жауын алып, ерекше әсер сыйлады.
Әр тараптан елімізді мекендейтін халықтардың әндері шырқалды: қазақтар украин тілінде, орыстар қазақ тілінде, татарлар белорус тілінде ән айтып, барлығы достық пен бірліктің әсем шоғырындай үйлесім тапты.

Қонақтарға түрлі дәмді тағамдар, тәттілер мен көне дәстүр бойынша дайындалған ерекше сусындар ұсынылды. Қатысушылар қол ұстасып би билеп, спорттық ойындарда бақ сынап, Қазақстан халқының бауырластығы мен бірлігін дәріптеген мерекені шаттықпен қарсы алды.

Туған жердің бейбіт көк аспаны астында бүлдіршіндерден бастап аға буынға дейін барлығы ән айтып, би билеп, қуанышқа бөленді. Бейбітшілік пен достықтың әуені елімізге кеңінен тарады.


