Кәсіподақ мүшелері арасында аудандық спартакиада өткізілді
04.05.2026«Қызмет» Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің салалық кәсіподағының «Қызмет» Ақжайық аудандық мемлекеттік мекемелер қызметкерлері салалық кәсіподағы мемлекеттік қызметшілер мен кәсіподақ мүшелері арасында аудандық спартакиада өткізді.
Спартакиаданың ашылу салтанатына аудан әкімі Мұрат Сердалин қатысып, сөз сөйлеп, бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын қалыптастыру және еңбек ұжымдары арасындағы ынтымақтастықты нығайту мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі екенін айта отырып, жарысқа қатысушыларды құттықтап, оларға сәттілік тіледі.

Аудандық спартакиадаға ауданы әкімі аппараты, аудандық бөлімдер және 18 ауыл округі бастауыш кәсіподақ ұйымдарының кәсіподақ мүшелері қатысып, өзара бақ сынасты.

Бағдарлама аясында қатысушылар шахмат, үстел теннисі, баскетбол, қазақ күресі, шағын футбол және арқан тартыс спорт түрлері бойынша жарысты.
Жарыс соңында жеңімпаз командалар аудандық кәсіподақ ұйымы атынан марапатталды.


