Спорт пен денсаулық егіз!

Спорт пен денсаулық егіз!

05.05.2026 Off By Администрация сайта

«Қызмет» салалық кәсіподағына қарасты Сарыағаш ауданы AZIA MED CUP клиникасы «Нұрболат» медициналық орталығының бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Ұлжалғас Ғафурқызы Рахимованың басшылығымен орталықтың қызметкерлері арасында спорттық ойын түрлерінен жарыс ұйымдастырылды.

Басты мақсат салауатты өмір салтын насихаттау және ұжымдық бірлікті нығайту болды. Жарыс барысында әріптестер өзара бақ, сынап, ептілік пен төзімділіктерін көрсетіп қана қоймай ұйымшылдық пен достықтың жарқын үлгісін көрсетті. Төрт командаға бөлінген медициналық орталығының қызметкерлері дәрігерлер және медик мамандар, кіші қызметкерлер өздерінің ептілігін, шапшаңдығын және ең бастысы бірлік пен командалық рухты көрсете білді.

Жарыс жоғары деңгейде өтті! Бұл күн тек жарыс емес, ұжым үшін ерекше мереке болды. Әр команда жеңіске деген жігерімен, бір-біріне деген қолдауымен ерекшеленді.

Керемет сәттер ұжымды жақындастырып, ортақ мақсатқа жетуге жігерлендіріп, жеңіске сенімді арттырды.

Жарыс болған соң, жеңіс бар, жеңіліс бар. Жарыс қорытындысы бойынша: «Достық» командасы, команда капитаны дәрігер Ашимова Макпал Нұрматқызы – 1 орын, «Ынтымақ» командасы, команда капитаны дәрігер Байболова Тұрсынай Гафуржанқызы – 2 орын, «Қызғалдақ» командасы, команда капитаны аға мейірбике Тұрап Наргиза – 3 орынды иеленді.

Барлық қатысушыларға алғыс білдіре отырып, жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! Бірліктеріңіз бекем, денсаулықтарыңыз мықты болсын!