«2026 жылғы заңнама новеллалары» тақырыбында  семинары

«2026 жылғы заңнама новеллалары» тақырыбында семинары

23.02.2026 Off By Администрация сайта

 Павлодар қаласының Одақтар үйінде «2026 жылғы заңнама новеллалары» тақырыбында кезекті оқыту семинары өтті.

Семинарға заңгерлер, кадр қызметінің қызметкерлері, «Қызмет» кәсіподағының Павлодар облыстық филиалының бастауыш кәсіподақ ұйымдарының кәсіподақ комитеттерінің, өңірдің басқа да салалық кәсіподақтарының төрағалары қатысты.

Семинар спикерлері «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті» РММ басшысы Алмагүл Мұхамедова, «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ Павлодар облысы бойынша филиалының басшысы Айгүл Капенова, «Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті» РММ түсіндіру жұмысы және байланыс орталығы басқармасының басшысы Төлеген Шаймарданов, «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамының Павлодар облыстық филиалының басшысы Владимир Питраков, «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті» РММ еңбек қатынастарын бақылау бөлімінің басшысы Қазиза Баяхметова, «Әлеуметтік медициналық қор» КЕАҚ Павлодар облысы бойынша филиалының халықты ақпараттандыру және өтініштерді қарау бөлімінің бас сарапшысы Валентина Сафронова сөз сөйледі.

Спикерлер зейнетақымен қамсыздандыруға және жәрдемақыларды тағайындауға, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындауға, «Қазақстан Республикасының Салық кодексі» ережелеріне, БЖЗҚ-дан зейнетақы аударымдарын төлеу шарттарына, еңбек шарттарын ресімдеу және оларды Енбек.kz ақпараттық жүйеде тіркеу міндеттілігі, еңбек заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілікті қолдану.

Оқыту семинарына қатысушылар құқықтық актілердің қолданылуы туралы қажетті ақпаратты алып қана қоймай, толғандыратын сұрақтарға жауап алды.