«Қызмет» салалық кәсіподағы жаңа бастауыш ұйыммен толықты

«Қызмет» салалық кәсіподағы жаңа бастауыш ұйыммен толықты

24.02.2026 Off By Администрация сайта

«Қызмет» Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Әуесханов жаңадан ашылған Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «№12 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде болып, мекеменің директоры Перизат Еркимбайқызы Қосалиеваның қатысуымен ұжым мүшелерімен кездесу өткізіп, жиын қорытындысымен мекемеде бастауыш кәсіподақ ұйымы құрылып, «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының құрамына мүшелік ұйым болып кірді.


Мекеменің қырықтан аса қызметкерлері кәсіподақ мүшелігіне толығымен кіріп, жалпы жиналыста кәсіподақ ұйымының төрағасы болып Ахаев Самат Жақсылықұлы сайланды.
Орталық директоры Перизат Еркимбайқызы Қосалиева мен бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Самат Жақсылықұлы Ахаевтың және филиал төрағасы Серік Елемесұлы Әуесхановтың арасында өзара қарым-қатынастар жөніндегі 2026-2030 жылдарға арналған келісім-шартқа және мекеменің ұжымдық шартына қол қойды.