Кәсіподақ мүшелеріне тимбилдинг ұйымдастырылды
20.02.2026«Қызмет» Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің салалық кәсіподағының “Ақжайық” мүгедектігі бар адамдарды абилитациялау және оңалту орталығы» бастауыш кәсіподақ ұйымы қызметкерлерге арналған тимбилдинг шарасын өткізді.

Шара барысында әр түрлі спорттық әрі қызықты ойындар ұйымдастырылып, қатысушылар белсенділік танытты. Командалық рух артып, әріптестер арасындағы сыйластық пен бірлік нығая түсті. Сонымен қатар, мерекелік дастархан жайылып, караокемен ән шырқалып, би биленіп, көтеріңкі көңіл-күйде керемет демалыс өтті. Осындай игі шаралар ұжым арасындағы ауызбіршілікті арттырып, кәсіподақ мүшелеріне жаңа күш-жігер сыйлады!


