Кәсіподақ мүшелеріне қысқы демалыс ұйымдастырылды
20.02.2026 «Қызмет» Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің салалық кәсіподағының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» бастауыш кәсіподақ ұйымы мекемедегі 10 бөлімшенің 158 кәсіподақ мүшелеріне қысқы демалыс ұйымдастырды.
Демалыс барысында кәсіподақ мүшелері табиғат аясында серуендеп, ойындар ұйымдастырып, өзара жылы қарым- қатынасты нығайтты. Мұндай ортақ сапарлар ұжымның бірлігін арттырып қана қоймай, әр қызметкерге жаңа күш–қуат, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Жұмыс барысындағы жауапкершілік пен күнделікті қарбаластан сәл де болса тынығып, әріптестер бір-бірін жаңа қырынан тануға мүмкіндік алды.


Осындай қамқорлық пен қолдау қызметкерлерге үлкен мотивация беріп, алдағы уақытта да нәтижелі еңбек етуге жігерлендірді.
Осы игі бастаманы жоғары деңгейде жыл сайын ұйымдастырып келе жатқан кәсіподақ ұйымына кәсіподақ мүшелері шынайы алғыстарын білдірді.


