Кәсіподақ мүшелеріне волейболдан жарыс ұйымдастырылды
20.02.2026«Қызмет» Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің салалық кәсіподағының “Ақжайық” мүгедектігі бар адамдарды абилитациялау және оңалту орталығы» бастауыш кәсіподақ ұйымы қызметкерлері арасында XXV Қысқы Олимпиаданы қолдау мақсатында волейболдан ішкі біріншілік өткізді.

Аталған жарыс ұжым арасындағы ауызбіршілікті нығайтып, салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталды. Жарысқа 6 команда (әр командада 8 ойыншыдан) қатысып, өзара тартысты да қызықты ойын өрнегін көрсетті. Қатысушылар белсенділік танытып, командалық рух пен ұйымшылдықтың үлгісін көрсете білді. Ойын соңында жеңімпаз командалар бастауыш кәсіподақ ұйымы атынан марапатталды.


