Еңбек құқықтарын қорғау және конституциялық реформаларды қолдау мәселелері талқыланды

Еңбек құқықтарын қорғау және конституциялық реформаларды қолдау мәселелері талқыланды

13.02.2026 Off By Администрация сайта

«Ақжайық» мүгедектігі бар адамдарды абилитациялау және оңалту орталығындағы кездесу: Еңбек құқықтарын қорғау және конституциялық реформаларды қолдау мәселелері талқыланды.

2026 жылдың 12 ақпанында «Қызмет» Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлері салалық кәсіподағының төрағасы С.Сүлеймен Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Ақжайық» мүгедектігі бар адамдарды абилитациялау және оңалту орталығы бастауыш кәсіподақ ұйымының кәсіподақ мүшелерімен кездесті.
Кездесудің негізгі тақырыбы қазіргі әлеуметтік-экономикалық өзгерістер жағдайында қарапайым қызметкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселесіне арналды.

Ашық диалог барысында еңбек заңнамасының сақталуы, қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету, жалақының уақытылы төленуі, еңбек демалыстары мен әлеуметтік кепілдіктердің берілуі мәселелері қаралды. Кәсіподақ қызметкерлердің жұмыс берушімен қарым-қатынасында құқықтық қорғау, өкілдік ету және қолдау көрсетудің тиімді тетігі екені атап өтілді.
Сонымен қатар қоғамдық-саяси күн тәртібіне де ерекше назар аударылды. Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясы жаңа Конституция жобасын құқықтық мемлекетті одан әрі дамыту, әлеуметтік әділеттілік қағидаттарын нығайту және еңбек адамдарына берілетін кепілдіктерді кеңейту жолындағы маңызды кезең ретінде қолдайтыны айтылды. Кәсіподақтар конституциялық өзгерістерді әлеуметтік-экономикалық құқықтарды қорғауды күшейтудің, мемлекеттің жауапкершілігін арттырудың және әлеуметтік әріптестік институтын дамытудың негізі деп санайды.
Филиал төрағасы еңбеккерлердің белсенді азаматтық ұстанымынсыз олардың құқықтарын қорғау мүмкін еместігін атап өтті. Осыған байланысты ұжымға алдағы республикалық референдумның маңызы түсіндірілді.
Кездесу барысында кәсіподақ мүшелері өздерін толғандырған өзекті сұрақтарына жауап алды.