Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасын талқылау
16.02.2026Рудный қаласындағы «Қызмет» салалық кәсіподағының қалалық филиалында Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Отбасын қолдау және белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» КММ кәсіподақ мүшелерімен түсіндіру кездесуі өтті. Кездесу барысында қатысушылар Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының ұсынылып отырған жобасын талқылады.
Кездесуге қатысушылар алдында түсіндірме баяндамамен қалалық мәслихаттың төрағасы Искаков Азамат Қуандыкович сөз сөйледі. «Қызмет» салалық кәсіподағының қалалық филиалының төрайымы Приходько Марина Анатольевна Қазақстан Республикасы кәсіподақтар федерациясының конституциялық реформаны қолдау жөніндегі үндеуін жеткізіп, бұл құжатты қолдаудың маңыздылығына, оның қоғамның болашақтағы жағдайына, тұрақтылығына және мемлекеттің ұзақ мерзімді даму бағытына ықпал ететініне жан-жақты тоқталды.

Кездесу барысында жобаға енгізілетін негізгі өзгерістер қозғалды. Ең бастысы – Қазақстан Республикасының демократиялық, құқықтық және әлеуметтік мемлекет екендігі, ал ең жоғары құндылық – адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары екендігі атап өтілді. Бұл норма жеке адамның қол сұғылмаушылығының кепілдіктерінен бастап ақпаратқа қол жеткізу мен жеке өмірді қорғауға дейінгі кейінгі ережелердің негізі болып табылады. Елдегі көпұлтты халықтың бірлігі мен ынтымағы, келісімі – Қазақстан мемлекеттілігінің берік әрі сенімді іргетасы. Мемлекеттік билік пен егемендіктің бірден-бір қайнар көзі – Қазақстан халқы екені де ерекше атап өтілді.

Кездесуге қатысушылар түсіндіру әңгімесіне зор ықыласпен қатысып, белсенділік танытты, өз пікірлерін білдіріп, ашық диалогқа араласты. Мұндай кездесулер азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және қоғамдық үдерістерге белсенді қатысуына үлкен маңызға ие.

