«Қызмет» салалық кәсіподағының мүшелік ұйымдар саны артып келеді
08.01.2026«Қызмет» Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Әуесханов Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының «Шымкент қаласының №11 көпсалалы мамандандырылған балалар – жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде ұжым мүшелерімен кездесу өткізіп, нәтижесімен аталған мекемеден бастауыш кәсіподақ ұйымы ашылып, «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының мүшелік ұйымы қатарына қосылды.

Мекемеде сексенге жуық қызметкерлер жұмыс жасайды және олардың барлығы кәсіподақ мүшелері.
Меменің директоры Мұрат Рамазанұлы Жұмабаев пен бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Қанат Төребай және филиал төрағасы Серік Елемесұлы Әуесхановтың арасында өзара қарым-қатынастар жөніндегі 2026-2030 жылдарға арналған келісім-шарт жасалды.


