Аяз Ата жер шарын аралап жіүр
30.12.20252026 жылдың қарсаңында Қостанай облыстық филиалының «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету ұйымдары қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» ҚБ атынан Аяз ата мен Ақшақар сиқырлы сыйлықтар толы қоржынмен Мұрзабековтер отбасына қонаққа барды. Бұл отбасы төрт бала тәрбиелеп отыр, оның екеуі — ерекше қажеттіліктері бар балалар.
Сиқырлы қонақтар үйге кірген сәттен бастап жылулық пен қуаныш сыйлады. Балалар Аяз атаны мен Ақшақарды қуанышпен қарсы алып, жүректері елжірей тыңдап, түрлі-түсті сыйлықтар мен тәттілерді шаттана қабылдады.
Шынайы эмоциялар, бақытты күлкі мен жаңа жыл ғажайыптарына деген сенім — ересектер үшін ең үлкен марапат болды. Ғажайыптар жиі болып тұрсын, әр үйде мейірім, ізгілік пен мерекелік көңіл-күй болсын!



