Жыл қорытындысымен жұмысшыларға құрмет көрсетілді

Жыл қорытындысымен жұмысшыларға құрмет көрсетілді

22.12.2025 Off By Администрация сайта

Жоспарға сәйкес, «Қалың қалай, бастауыш ұйым» акциясы аясында «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының мүшелік ұйымы – Шымкент қаласының Тұран ауданы әкімі аппаратының «Тұран» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмысшыларымен мекеме базасында кездесу өтті.
Кездесуге «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Елемесұлы Әуесханов пен Шымкент қаласының Тұран ауданы әкімі аппаратының «Тұран» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Нұрбек Пазылбекұлы Қанаев және бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Дариха Раманова бірге жұмыскерлердің қал-жағдайларымен танысты.

Кездесу барысында еңбек қатынастары, еңбек және техника қауіпсіздігі мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, кәсіподақтар қызметінің жұмыстарынан хабардар етілді.

Жиын қорытындысында филиалдың төрағасы Серік Елемесұлы мен мекеменің басшысы Нұрбек Пазылбекұлы мекеме қызметкерлері мен жұмысшыларын «16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні» мерекесімен құттықтап, «Жұмысшы мамандықтары жылын» қорытындылап, жыл бойында белсенділік танытқан жұмысшыларға салалық кәсіподақтың «Еңбек озаты» төсбелгілерін, «Құрмет грамоталарын», «Алғыс хаттарын» және аудан әкімі мен мекеме басшысының «Алғыс хаттарын» табыстады.