Әлеуметтік орталықтың кәсіподақ мүшелерімен кездесу өтті

Әлеуметтік орталықтың кәсіподақ мүшелерімен кездесу өтті

17.12.2025 Off By Администрация сайта


Жоспарға сәйкес, «Қалың қалай, бастауыш ұйым» акциясы аясында «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының мүшелік ұйымы – Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «№6 балалар арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмысшыларымен, бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшелерімен кездесу өтті.

Кездесуге мекеменің кәсіподақ мүшелері толығымен қатысты.
Орталықта 300-ге жуық кәсіподақ мүшелері бар, мекеменің бастауыш кәсіподақ ұйымы төрайымы қызметін 15 жылдан астам жұмыс жасап келе жатқан Гүлнұр Молдабекова қоғамдық негізде атқарып келеді.

Жиын қорытындысында әлеуметтік орталықтың басшысы Серік Бабакулов және «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Әуесханов мекеме қызметкерлерін «16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні» мерекесімен құттықтап, белсенді кәсіподақ мүшелеріне және зейнеткерлік жасқа келіп, құрметті демалысқа шығып жатқан азаматтарға филиалдың «Еңбек озаты» төсбелгілерін, салалық басқарманың және мекеменің «Құрмет грамоталарын», «Алғыс хаттарын» және бастауыш кәсіподақ ұйымының атынан қаржылай сыйлықтарын табыстады.