«Сарыағаш» шипажайы әкімшілігімен әлеуметтік әріптестік шеңберіндегі жұмыстар жалғасын табады
31.10.2025«Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Елемесұлы Әуесханов кезекті еңбек демалысы кезінде Түркістан облысының Сарыағаш ауданы Көктерек поселкесінде орналасқан «Сарыағаш» шипажайында денсаулығын сауықтыра жүріп, «Сарыағаш» емдеу-оңалту кешені» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры Алтынбек Қаршығабекұлы Абдикеровпен, бас директордың орынбасары Әшірбек Полатовтың, бас директордың кеңесшісі Бегім Жолдасұлы Тасқұловтың, бас бухгалтерінің, аға менеджерінің қатысуымен кездесу өткізіп, «Қызмет» салалық кәсіподағының Шымкент қалалық филиалы кәсіподақ мүшелерінің алдағы жылдары «Сарыағаш» шипажайында демалуы мен сауықтыруын ұйымдастыру бойынша жұмыстарын жалғастыру жөнінде өзара ынтымақтастық келісім жасады.



