Газ техникалық қызметкерлерімен өткен кездесу

Газ техникалық қызметкерлерімен өткен кездесу

27.10.2025 Off By Администрация сайта

«Қалың қалай, бастауыш ұйым» акциясы аясында «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының мүшелік ұйымы – Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы «Шымкент қаласының газ техникалық қызметі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің кәсіподақ мүшелерімен кездесу өткізіп, кәсіподақ мүшелерінің қалжайдайымен танысты.
Кездесу соңында «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Әуесханов ұжым мүшелерін «25 қазан – Республика күні» мерекесімен құттықтап, бірқатар қызметкерлерге кәсіподақ наградаларын табыстады.
Атап айтқанда:

  • «Еңбек озаты» төсбелгілерімен әлеуметтік әріптес, жұмыс беруші – мекеменің басшысы Бұралқиев Айдар Тынайұлы және мекеменің персональды басқару маманы Байшуақова Эльмира Досалықызы;
  • «Құрмет грамотасымен» мекеме басшысының орынбасары Ордабаев Жандос Оралбайұлы;
  • «Алғыс хатпен» мекеменің газ техникалық инспекторы Шатырбаев Нурсултан Уалиханұлы марапатталды.