Құрмет көрсетілді

Құрмет көрсетілді

24.10.2025 Off By Администрация сайта

Қызылорда облысы, Арал ауданында аудан әкімінің орынбасары Н.Бохаевтың төрағалығымен өткен мәжілісте ұзақ жылдар бойы Мергенсай ауылдық округінің әкімі қызметін атқарып, құрметті зейнет демалысына шыққан Марат Хангенеұлы Құтмамбетовке ауданның ең жоғарғы марапаты «Құрмет грамотасы» табысталып, иығына шапан жабылды.  Сонымен бірге «Қызмет» салалық кәсіподағының «Еңбек және кәсіподақ ардагері» медалі  табысталды.

 Туған өлкесін қадірлеп, оның өсіп өркендеуіне өзінің қажырлы еңбегімен, табандылығымен және туған ауылына арнаған бүкіл өмірімен ауылдастарының, әріптестерінің, елдің құрметіне ие болған «Қызмет» салалық кәсіподағының  белсенді мүшесі Марат Хангенеұлының жалпы еңбек өтілі  40 жылдан асса, оның 22 жылын мемлекеттік қызметке арнады.

М.Құтмамбетов алғашқы еңбек жолын 1980 – 1981 жылдары Жамбыл балық колхозында балықшы болып бастаған, 1988-1990 жылдары Жамбыл балық колхозында инженер гидротехник, экономист; 1990-1991 жылдары Қызылорда қаласындағы тұрмыстық қызмет көрсету комбинатында бас инженер; 1992-1997 жылдары Жамбыл балық ұжымшарында экономист, басқарма төрағасының орынбасары, басқарма төрағасы; 1997-2003 жылдары Жамбыл өндірістік кооперативтің төрағасы  болып еңбек етеді. 2003 жылдан Мергенсай ауылдық округінің әкімі қызметін атқарған.