Әлеуметтік сала қызметкерлеріне лайықты құрмет көрсетілді
28.10.2025«25 қазан – Республика күні» мерекесі аясында салтанатты іс-шаралар өткізіліп, лайықты еңбек адамдарына құрмет көрсетілді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Республика күніне орай бір топ азаматқа мемлекеттік наградалар мен сыйлықтарды салтанатты түрде табыс етті.
Оның қатарында Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «№1 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің шаруашылық бикесі Күлшат Қожаханқызы Дауренбекова әлеуметтік сала қызметкері ретінде ІІІ-дәрежелі «Еңбек даңқы» орденімен марапатталды.
«Қызмет» салалық кәсіподағының атынан Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Елемесұлы Әуесханов және мекеменің басшысы Мұхит Рахматілләұлы Нышамбаев бастаған ұжым мүшелері марапат иесі Күлшат Қожаханқызын ерекше ілтипатпен қарсы алып, ыстық ықыластарын білдіріп, ұжым атынан дайындаған сый-сыяпаттарын табыстады.
Бұл марапат – адал еңбек пен ізгі істердің лайықты бағасы!
Іс-шара жалғасында мекеменің еңбек адамдарына Шымкент қаласы әкімінің, Шымкент қалалық мәслихатының, Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының, сондай-ақ «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының наградалары табысталды.
Атап айтқанда:
- Шымкент қаласы әкімінің «Алғыс хатымен» әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман Жаған Гүлзат Күмісбекқызы;
- Шымкент қаласы әкімінің «Алғыс хатымен» палатадағы санитар Фатина Наталья Вячеславовна;
- Шымкент қалалық мәслихатының «Алғыс хатымен» палатадағы санитар Ибрагимжанова Патима Сайдикаримовна;
- Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «Алғыс хатымен» күтім жөніндегі санитар Ирисбекова Гузаль Икрамбайқызы;
- «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының «Еңбек озаты» төсбелгісімен мейіргер Менлибекова Карлыгаш Жакипбековна;
- «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының «Еңбек озаты» төсбелгісімен мейіргер Балтабаев Самат Багдатович;
- «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының «Құрмет грамотасымен» бақылау жөніндегі санитар Умаралиев Еркинбек Амангельдиевич;
- «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының «Құрмет грамотасымен» шаштаразшы Ярметов Ихтияр Бахадырович;
- «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының «Алғыс хатымен» палатадағы санитар Жумабекова Зейнекуль Аяровна;
- «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының «Алғыс хатымен» палатадағы санитар Асилова Жазира Батыркалиевна марапатталды.



