«Жұмысшы мамандықтары жылында» жұмысшыларымен өткен кездесу
08.08.2025Жоспарға сәйкес, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының «Қалың қалай, бастауыш ұйым» акциясы аясында «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Әуесханов филиалдың мүшелік ұйымы құрамындағы Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының «Әл-Фараби» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмысшыларымен кездесіп, мекеме директорының орынбасары, кәсіподақ төрағасы Марат Тулеевтің қатысуымен қалжағдайларымен танысып, оларға еңбек қатынастары және техника қауіпсіздігі мәселелері бойынша түсіндіреме жұмыстарын жүргізіп, сонымен бірге Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының ХХҮІІ-съезінің және «Қызмет» салалық кәсіподағының ХІІ-съезінің шешімдерімен таныстырып, кәсіподақтар қызметінің 2025-2030 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыру мәлелелерінен хабардар етті.
Жиын қорытындысында филиал төрағасы Серік Елемесұлы мекеменің жұмыскерлерін алда келе жатқан «30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні» және биыл Қазақстан Конституциясына 30 жыл толу мерекесімен құттықтап, бірқатар белсенді жұмысшыларға кәсіподақ наградаларын табыстады.
Атап айтқанда, жалпы 11 адам, оның ішінде:
- «Еңбек озаты» төсбелгілерімен: Тулеев Марат Әкімханұлы, Давканова Эльмира Әлімбайқызы, Шуитенов Нұрсұлтан Бақытжанұлы;
- «Құрмет грамоталарымен»: Ақылбай Айдос Төреханұлы, Берікқызы Гүлзира, Даниярова Мұхаббат Алтынқызыа, Ізбасар Қарашаш Жарқынбекқызы;
- «Алғыс хаттармен»: Бекенов Күмісбек Қаржаубайұлы, Шитенов Алмас Тұрғанбайұлы, Мырзахметов Нематжан Сатыбалдыұлы, Тұрдыбаев Шафкатбек Эрматұлы марапатталды.

