Шымкентте жұмыссыздар кәсіп үйренеді

Шымкентте жұмыссыздар кәсіп үйренеді

11.08.2025 Off By Администрация сайта

Шымкент қаласының халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өңірлік комиссиясының 2025 жылы 16 шілдеде комиссия отырысының мәжілісі өтті.
Комиссия отырысына кәсіподақ тарапынан комиссия мүшесі «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Әуесханов қатысты.
Шымкент қаласында 2025 жылы 770 жұмыссыз азаматты кәсіптік оқыту жоспарланған.
Атап айтқанда, 610 азамат білім беру ұйымдарында кәсіптік оқудан өтсе, тағы 160 адам тікелей жұмыс берушілердің жұмыс орындарында оқыту жоспарланған болатын.
Жоспар аясында 34 жұмыс берушіден жалпы саны 1279 оқыту орнына өтінім түскен.

Оның ішінде:

  • Білім беру ұйымдарында оқыту үшін 18 жұмыс беруші 935 орын ұсынған;
  • Жұмыс орнында оқыту үшін 16 жұмыс беруші 344 орын ұсынған. Өңірлік комиссияның қарауына ұсынылған бұл өтінімдердің нәтижесінде:
  • 8 мамандық бойынша 16 жұмыс берушінің 292 орны;
  • 13 мамандық бойынша 15 жұмыс берушінің 153 орны мақұлданды.
    Оң шешім алған жұмыс берушілермен келісімшарттар жасалып, жұмыссыз азаматтарды кәсіптік оқытуға жолдау жұмыстары жүргізілуде.
    Ал, қалған білім беру ұйымдарында оқыту бойынша 643 орынға және жұмыс орнындағы оқыту бойынша 191 орынға қайта өтінім қабылданғаннан кейін, комиссияның кезекті отырысында қаралатын болды.