Әлеуметтік қызметкерлер спартакиадасы
04.08.2025Өткен аптада Тарбағатай ауданының орталығы Ақжар ауылында әлеуметтік қызметкерлер арасындағы облыстық спартакиада болып өтті. Оған Шығыс Қазақстан облысының әр түкпірінен келген 12 команда қатысты. Спартакиаданың ашылу рәсімі Тарбағатай ауданының әкімі Д. Жөргекбаев пен Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламарды үйлестіру басқармасының басшысы А. Мусинованың жарысқа қатысушыларды құттықтауынан басталды.
Жарыс тартысты өтті, жарыс аяқталған соң жеңімпаздар мен жүлдегерлер мараппатталды. Жабылу рәсімінде «Қызмет» салалық кәсіподақтарының Шығыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы Д. Тлеубаев спартакиада қатысушыларын құттықтап, ақшалай сыйлық тапсырды.






