Кәсіподақ мүшелері жүгіріске қатысты

Кәсіподақ мүшелері жүгіріске қатысты

06.10.2025 Off By Администрация сайта

«Қызмет» салалық кәсіподағы Ақтөбе облыстық филиалының кәсіподақ мүшелері «Келешекке бірге жүгіреміз» девизімен 3 шақырымды құрайтын Қазақстан кәсіподақтары қозғалысының 120-жылдығына арналған «KASIPODAQ RUN 2025» ынтымақтастық жүгірісіне қатысты.
Жүгіріске түрлі салалық кәсіподақ мүшелерінен құралған 500-ден астам адам жиналды. Жүгірісте жас ерекшелігіне шектеу болмады, жас кәсіподақ мүшелерінен бастап кәсіподақ қозғалысының ардагерлері де қатысып, өте жоғары белсенділік көрсетті.
Облыстық филиал атынан барлығы 43 кәсіподақ мүшесі қатысы, олардың қатарында филиал жанындағы «Келешек» жастар кеңесінің мүшелері де бар.
Кеңес мүшелері жүгірісте белсенді болды және жүгірістен кейін қатысушыларға ерекше көңіл-күй сыйланды, қатысушылар арасында шипажайға жолдамалар, ақшалай және бағалы сыйлықтар ойнатылып, біздің салалық кәсіподақ мүшелері де ұтыстарға ие болды.