Мектеп мұғалімдеріне құрмет көрсетілді
06.10.2025«5 қазан – Мұғалімдер күні» және «10 қазан – Қазақстан кәсіптік одақтары күні» кәсіби мерекелеріне орай, «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының мүшелік ұйымы – Сарыағаш ауданындағы М.П.Окороков атындағы №11 жалпы орта білім беретін мектептің қызметкерлерін филиалдың төрағасы Серік Елемесұлы Әуесханов атаулы мерекелерімен, оның ішінде Қазақстан кәсіподақтарына 120 жыл және Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясына 35 жыл толу тарихына ерекше тоқталып, кәсіподақтар күнімен құттықтап, белсенді кәсіподақ мүшелері мен жұмыс берушіні әлеуметтік әріптес ретінде филиалдың «Еңбек озаты» төсбелгілерімен, «Құрмет грамоталарымен» және «Алғыс хаттарымен» марапаттады.

Атап айтқанда:
«Еңбек озаты» төсбелгісімен:
- Калменов Манакбай Кыдыралиевич – тарих пәні мұғалімі, мектеп директоры;
- Молдашов Кайрат Тиллабекович – дене тәрбиесі пәні мұғалімі;
- Тасболатова Гулжан Садановна – ағылшын тілі пәні мұғалімі;
«Құрмет грамотасымен»: - Амиров Нурдаулет Рысбекович – алғашқы әскери және технологиялық дайындық жетекшісі;
- Байтлесова Улмекен Бахытбековна – бастауыш сынып мұғалімі;
- Кожухова Дилроза Хайриддиновна – биология пәні мұғалімі;
- Қудайбергенова Айгул Жумагалиевна бастауыш сынып мұғалімі;
«Алғыс хатпен»: - Абенова Зауре Ильясовна – орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімі;
- Жассакова Нагима Отынбаевна – тарих пәні мұғалімі;
- Балғабаева Нұргүл Оспанқызы – қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі;
- Шойынбаева Жанар Бақтияровна – бастауыш сынып мұғалімі марапатталды.
Сондай-ақ, «Қызмет» салалық кәсіподағының «Мемлекеттік қызметкерлер кәсіподағының үздігі» төсбелгісімен: - Агилов Жунис Музафарович – көркем еңбек пәні мұғалімі, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы.
Марапаттарыңыз құтты болсын құрметті ұстаздар!

