Кәсіподақ жастары облыстық шараға қатысты

Кәсіподақ жастары облыстық шараға қатысты

01.08.2025 Off By Администрация сайта

Ақтөбе облыстық жастар ісі жөніндегі басқарманың ұйымдастырумен «Волонтерлік саланың негізі» тақырыбында өткен шараға «Қызмет» салалық кәсіподағы облыстық филиалы жанындағы «Келешек» жастар кеңесінің мүшелері мен кәсіподақ жастары қатысты.
Шарада еріктілер жұмысын ұйымдастыру, еріктілер жұмысының бағыты туралы семинар тренинг, интелектуалдық сайыстар, спорттық шаралар ұйымдастырылды.

Облыстық филиал жанындағы «Келешек» жастар кеңесінің мүшелері бұрыннан да белсенді еріктілер болып табылады, түрлы қиын жағдайларда еріктілер қатарынан табылып, қолдарынан келгенше қолғабыс жасап жүр. Соның ішінде, өткен жылдардағы су тасқыны кезінде апатқа ұшырағандарға көмек көрсету, ысьық тамақпен қамтамасыз ету бағтында нәтижелі жұмыстар атқарды.