Қатарымыз көбеюде
31.07.2025«ҚЫЗМЕТ» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша филиалы әлеуметтік-әріптестік аясын кеңейтуде. Филиал Жетісу облысы Сарқан ауданына қарасты мемлекеттік қызметкерлер жұмыс жасайтын мекемелерді өз құрамына кіргізді. Жаңадан 20 бастауыш кәсіподақ ұйымы құрылып, 200-ге жуық мүшелік санмен толықты.
Алдағы уақытта Сарқан ауданы бойынша басқа да мекемелерді «Қызмет» кәсіподағының құрамына енгізу бойынша келіссөздер жүргізіліп, ұжымдармен кездесулер өтетін болады.

