Шалқар ауданының активімен кездесу
01.08.2025«Қызмет» салалық кәсіподағы Ақтөбе облыстық филиалының төрайымы Мұхтарита Сағындықова Шалқар ауданына іс-сапар барысында аудандық кәсіподақ активімен кездесті.
Активте аудандық кәсіподақ комитетінің жаңа төрағасын сайлау мәселесі қаралды. Активке қатысушылардың бірауыздан қолдауымен кәсіподақ коммитетінің төрағасы болып аудан әкімі аппаратының басшысы Болат Көптілеу сайланды.
Болат Аққабиұлы ұзақ жылдардан бері аудандық мемлекеттік мекемелерде қызмет етіп келе жатқан азамат. Мемлекеттік қызметшілер мен тұрғындар арасында беделге ие.
Филиал төрайымы жаңа төрағаға сәттілік тілеп, кәсіподақ мүшелерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, әлеуметтік қолдау бағытында нәтижелі жұмыс атқаратындығына сенім білдірді.



