Мемлекеттік қызметшілерге құрмет көрсетілді
30.06.2025«Қызмет» салалық кәсіподағының мүшелік ұйымы – «Шымкент қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Елемесұлы Әуесханов және бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Асылан Жұмабайұлы Келімбетов кәсіподақ мүшелерімен кездесіп, «Қызмет» салалық кәсіподағының ХІІ-съезінің шешімдерімен таныстырып, салалық кәсіподақ қызметінің 2025-2030 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыру мәселелеріне тоқталып, жиын қорытындысында аппарат қызметкерлерін «23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күні» кәсіби мерекесімен құттықтап, қызметкерлерге кәсіподақ наградаларын табыстады.


Атап айтқанда:
«Еңбек озаты» төсбелгілерімен: қала әкімі аппаратының бас инспекторлары Мустафа Ерлан Сайыпназарұлы мен Тасполатова Динара Маратқызы, «Құрмет грамотасымен»: бас инспектор Арынғазиев Бауыржан Батырғазыұлы, бас маман Мейрманов Олжас Пернебекұлы, бас инспектор Сұлтанмұрат Алтынбек Оразханұлы, бас маман Кұлымбетова Гүлжан Қолдашқызы, әдіскер Пайзуллаева Гүлзира Оразханқызы, «Алғыс хатпен»: іс-қағаздарды жүргізуші Тәженов Әділет Нұржанұлы, хатшы Бақытжанұлы Сержан, бас маман Қуаныш Мәди Қасқарбекұлы, әдіскер Нахыпбек Саян Омарұлы, бас маман Онталапқызы Ляззат, іс-қағаздарды жүргізуші Аршабай Гауһар Нишанбайқызы, әдіскер Өкімбек Салтанат Болысбекқызы марапатталды.
Жиын соңында «Шымкент қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Асылан Жұмабайұлы «Қызмет» салалық кәсіподағына шынайы алғысын білдіріп, алдағы істеріне сәттілік тіледі.




