СҚО-да Қазақстан полициясы күніне арналған салтанатты іс-шара өтті

СҚО-да Қазақстан полициясы күніне арналған салтанатты іс-шара өтті

27.06.2025 Off By Администрация сайта

Бүгін, 27 маусым күні, Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің ғимаратында Қазақстан полициясы күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Іс-шараға СҚО ПД бастығының орынбасары, полиция полковнигі – Габдуллин Абылғазы Советұлы және ішкі істер органдарының ардагері, СҚО ПД Ардагерлер кеңесінің төрағасы – Сыздыков Ақан Төлепбергенұлы, кәсіподақ мүшелері мен ішкі істер органдарының қызметкерлері қатысты.

Құттықтау сөзін Солтүстік Қазақстан облыстық «Қызмет» салалық кәсіподағы филиалының төрағасы Әбільмажинов Темірғали Текебасұлы және СҚО ПД бастығының орынбасары, полиция полковнигі Габдуллин Абылғазы Советұлы сөйледі. Әбільмажинов Т.Т. полиция қызметкерлерінің жұмысын ерекше атап өтіп, олардың қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, елдегі құқықтық тәртіпті нығайтуға қосқан үлесін ерекше атап өтті. Өз сөзінде ол барлық полиция қызметкерлеріне қиын да жауапты қызметтері үшін алғыс айтып, зор денсаулық, отбасылық амандық, кәсіби табыс және бейбіт аспан тіледі.

Іс-шара барысында Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің кәсіподақ мүшелері салтанатты түрде марапатталды. «Қызмет» салалық кәсіподағының облыстық филиалының Құрмет грамоталарымен келесі қызметкерлер марапатталды: СҚО ПД автошаруашылығының газоэлектрдәнекерлеушісі – Лемьев Григорий Николаевич, СҚО ПД қызметтік үй-жайларын жинаушы, кәсіподақ комитетінің төрайымы – Яшкина Светлана Алексеевна, автошаруашылық жүргізушісі – Кабанец Сергей Викторович, СҚО ПД қызметтік үй-жайларын жинаушы, кәсіподақ қазынашысы – Саржанова Майрагүл Қайыржанқызы, және жинаушы Торгашева Светлана Ивановна.

Арнайы марапат — «Қызмет» кәсіподағы облыстық филиалының Құрмет грамотасы мен «Скиф» фитнес-орталығына сертификат — СҚО ПД тәрбиелік және кадр жұмысы басқармасының инспекторы – Курлеутова Жұпар Жамиханқызына табысталды.

Іс-шара қатысушылардың ортақ естелік суретке түсуімен және Полиция департаменті музейін аралаумен аяқталды.