Журналисттерге құрмет көрсетілді

Журналисттерге құрмет көрсетілді

30.06.2025 Off By Администрация сайта

«28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні» мерекесіне орай «Қызмет» салалық кәсіподағының Түркістан облысы Cарыағаш аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Шырынбек Ешанкулов «Сәт» Медиа Холдинг» ЖШС БАҚ өкілдерін кәсіби мерекелерімен құттықтады. Ақпарат құралдары өкілдерінің аудандағы болып жатқан сан түрлі оқиғалар мен адамдардың тағдырын жариялау арқылы халық өздері өмір сүріп жатқан орта жайлы мағлұмат алатындығын атап өтті.

Кәсіподақ ұйымдарының жұмыстарын жандандыру мақсатында кәсіподақ белсенділерінің сіңірген қажырлы еңбектері үшін «Қызмет» салалық кәсіподағының Түркістан облыстық филиалының «Еңбек озаты» төсбелгісімен осы мекеменің жауапкершілігі жоғары журналистері Есенбеков Жарқынбек Сансызбекұлын, Шамбасов Асқарды, Алибеков Жасұлан Даулетбайұлын, Құлмырзаев Қуаныш Амангелдіұлын және «Құрмет Грамотасымен» Темирова Нағима Абдырахымқызын, Хидиров Ерсейіт Жайлауұлын, Берікбай Мейірхан Бахытжанұлын, «Алғыс хатпен» Боранбаев Берік Бекболатұлын, Әмірбеков Ережеп Тұрғынбайұлын марапаттап, Ақпарат майданында жүрген журналистерге қаламдарынан қасиет кетпей, шабыттарының шарықтай беруіне тілегін білдірді.

Мереке құтты болсын, құрметті журналисттер!